KNDA «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінен корпоративтік жанжалды шешуге көмек көрсеткені үшін алғыс алды

Қазақстандық ұлттық директорлар қауымдастығы коммерциялық емес қоғамдық бірлестік ретінде «Қазақтелеком» АҚ миноритарлық акционерлер тобынан осы акционерлік қоғаммен корпоративтік жанжалды шешуге белсенді көмек көрсеткені үшін алғыс хат алды. Корпоративтік жанжал ымыралық бағамен қайта сатып алумен аяқталды.

Еске салайық, акционерлер мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы корпоративтік жанжалдың себебі миноритарлық акционерлердің «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 75% Kcell ұялы операторын сатып алу туралы шешімімен келіспеуі болды. Бекітілген Әдістемеге сәйкес миноритарлық акционерлерге өздерінің акцияларын сатып алу туралы өтініш бергеннен кейін, компания акционерлерге қарсы инсайдерлік ақпаратты пайдаланды деп айыптап, қылмыстық іс қозғады және нарықтық бағаның 20% шегерімімен өзінің акцияларын сатып алу бағасын өзгерткендігімен, мұндай сатып алуды тиімсіз етті. Миноритарлық акционерлер жауап ретінде «Қазақтелеком» АҚ-дан компанияны акцияларды сатып алуға мәжбүрлеуді талап етіп сотқа жүгінді.

«Өздеріңіз білетіндей, миноритарлық инвесторлардың құқығын қорғау сияқты көрсеткіш бойынша Қазақстан Doing Business рейтингісінде 1 орын алады. Бұл корпоративтік жанжал компанияның өзі үшін де, жалпы акционерлер үшін де байқалады, әсіресе «Қазақтелеком» АҚ IPO-ға шығуды жоспарлап отыр деп саналады. Біздің қауымдастық бұл жағдайға қызығушылық танытты және дау-дамай кезінде миноритарлық акционерлерге Қазақстан Doing Business рейтингісінде өзінің жетекші позициясын жоғалтпауы үшін тегін консультативтік қолдау көрсетуге тырысты », - деді KNDA атқарушы директоры Ерлан Бейсембинов.