КБЖҰК тәуелсіз директорлары комитеті 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мен проблемалық картасын бекітті

8 мамырда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ғимаратында «Атамекен» ҰКП Президиумы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің тәуелсіз директорлар комитетінің отырысы өтті.

Ұлан Сапарұлы Байжанов пен Анвар Ғалымуллаұлы Сәйденовтың төрағалығымен Тәуелсіз директорлар қауымдастығының өкілдері Комитеттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын және проблемалар картасын ұсынды. Талқылау барысында Комитет мүшелері ұсыныстар енгізді және осы құжаттарды жаңа ұсыныстармен толықтырды.

Сондай-ақ отырыста тәуелсіз директорлардың ұлттық стандартын қалыптастырудың негізгі тәсілдері бекітілді.