KNDA өкілдері Алматы қ. кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесіне сайланды

20 қараша 2018ж. Алматы қаласы бойынша "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл кеңесінің отырысында Кеңес құрамына KNDA атқарушы директоры Ерлан Бейсембиновты және "Кселл"АҚ құқықтық мәселелер және мемлекеттік органдармен өзара іс - қимыл департаментінің директоры Дамир Жанбакиевті енгізу туралы шешім қабылданды.
Ахмедов Байрамалы Ағабекұлы төрағалық еткен кеңесотырысына "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласы прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы ТЖ департаментінің өкілдері және жеке бизнес өкілдері қатысты.