KNDA өкілдері қазақстандық корпоративтік заңгерлер форумында спикерлер ретінде сөз сөйледі

Алматыда 8-9 қараша 2018ж. "Рахат палас" қонақ үйінде "Атамекен" ҰКП, "KazBar" коммерциялық заңгерлер алқасының және SZP заңдық фирмасының қолдауымен Еуразиялық Бизнес және кәсіпкерлік мектебі ұйымдастырған корпоративтік заңгерлердің жыл сайынғы форумы өтті.
"Корпоративтік басқару. Директорлар кеңесі комитеттерінің тәуелділігі немесе тәуелсіздігі" тақырыбында Айгүл Тасболат, Арман Бердалин, Светлана Штополь және т.б. сөз сөйледі.
Ескертпе:
Айгүл Тасболат, 2015-2018жж. ҚР Ұлттық Банкінің еншілес компаниясы - "АӨҚО рейтингтік агенттігі" АҚ Басқарма Төрағасы болды; "бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры, "Бәйтерек" ҰБХ еншілес компаниясы - "Стресті активтер қоры" АҚ тәуелсіз директоры; "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды