Біз туралы

Kazakhstan National Directors Association 2007 жылдан бері Қазақстан Тәуелсіз директорлар институтын дамыту бойынша Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында «Қазақстан тәуелсіз директорлары қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі құрылды, ол акционерлер мен бизнес иелерінің құқықтарын қорғау механизмі ретінде қалыптасты.

Бүгінде біз Тәуелсіз директорлар институтын дамыту саласы, мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың Тәуелсіз директорларының мүдделерін қорғау және ұсыну саласы бойынша Қазақстандағы жалғыз салалық (профильді) коммерциялық емес ұйым болып табыламыз.

                       

Kazakhstan National Directors Association жеке және квазимемлекеттік сектор компанияларының директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органдары мен жетекші топ-менеджерлері ретінде кадрларды іріктеуде белсенді түрде қатысады.

 

Қазақстан тәуелсіз директорлар институтының дамуы мен олардың мүдделерін қорғаудың басты флагманы ретінде біз тәуелсіз директорлардың құқықтары, міндеттері мен мүдделерін жетілдіру және қорғау бойынша үнемі жұмыс істейміз.

Осы бағыттағы негізгі жұмыстар келесілер арқылы жүргізіледі: (1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыс топтарына қатысу; (2) лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі және қорғау механизмдері туралы білім деңгейін көтеруге бағытталған лекциялар мен конференцияларға қатысу; (3) KNDA мүшелері Директорлар кеңесі мүшелерінің және басқа компания қызметкерлерінің қызметі туралы құқықтық кеңес ала алатын Кеңес беру кеңсесінің болуы.

 

 

Миссиясы (міндеттері)

Корпоративтік басқару саласында тәуелсіз кәсіпқойлар қауымдастығын қалыптастыру.

Басқару органдарының қызметін үнемі жетілдіру және кәсіпқойлардың стратегиялық білімдері мен көшбасшылық дағдыларын жақсарту.

 

Қызметі

KNDA-ның мақсаты ретінде қазақстандық акционерлік компанияларға және басқа да ұйымдарға тәуелсіз директорларға кәсіби және этикалық стандарттарды қалыптастыру және қолдау, корпоративтік директорлардың үздік жұмыс тәжірибесін енгізу арқылы акционерлік қоғамдардың басқару органдарының жұмысын жетілдіру жолымен корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруда көмек көрсету.

 

Біздің мақсатымыз

1. Тәуелсіз директорлардың, жоғары кәсіби менеджерлер мен мамандардың пулын (ортақтастығын) қалыптастыру.

2. Компаниялардағы корпоративтік басқару тәжірибелерін және жүйелерін жетілдіру;

3. Тәуелсіз директорлардың мүддесін ұсыну және корпоративтік басқару мәселелері бойынша мемлекеттік заңнамалық актілерге қатысты компанияның жалпы ұстанымын қалыптастыру.

4. Бизнес және үкімет өкілдерінің, корпоративтік басқару саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдармен диалог жүргізу.

5. Тәуелсіз директорларды, топ-менеджерлерді және мамандарды директорлар кеңесінің (бақылаушы кеңестің) негізгі біліктілігі мен дағдыларына үйрету және сертификаттау.

6. Тәуелсіз директорлардың кәсіби біліктілігін семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар арқылы дамытуға үлес қосу.

7. KNDA Кеңес беру кеңсесі аясында құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру

"Менеджмент сапасы мен корпоративтік басқаруды халықаралық деңгейге дейін арттыру қажет. Сондай-ақ, акционерлердің айқындығын қамтамасыз ету керек және жалпы алғанда, корпоративтік басқаруды жетілдіру қажет"

Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 қаңтар 2017 жылғы халқына жолдауы

Мемлекет басшысының тапсырмалары бүгінгі таңда Kazakhstan National Directors Association (Қазақстан Ұлттық Директорлар Бірлестігінің) негізгі бағытын айқындайды.

Жоғарыда аталған мақсаттар корпоративтік басқарудың тиімді тәжірибесін енгізу, Тәуелсіз және корпоративтік директорлардың қызметіне кәсіби және этикалық стандарттарды қалыптастыру және қолдау арқылы жүзеге асырылады.

Ұ.С. Байжанов
KNDA Бақылаушы Кеңесінің Төрағасы
Қадағалау кеңесі
Байжанов Ұлан Сапарұлы

Қазақстан Ұлттық Директорлар Бірлестігінің Бақылаушы Кеңесінің Төрағасы, «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Мәжібаев Қайрат Қуанышбаевич

«RG Brands» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Ибрашев Кенжебек Ниязұлы

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ президенті

Машабаев Азат Еркінұлы

«Қазпочта» АҚ басқарушы директоры

Құсайын Ерден Шахимерденұлы

Назарбаев Университетінің Атқарушы Вице-президенті

Мәуленов Миран Ғазизұлы

OLYMPEX ADVISERS Басқарма төрағасы (Серіктестік кеңесі)

Бейсембинов Ерлан Нұрланұлы

Kazakhstan National Directors Association атқарушы директоры

Біздің серіктестеріміз

Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуы корпоративтік басқару органдары жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты.
Негізгі міндеттердің бірі компания қызметінің жұмысын стратегиялық басшылыққа алуды және бақылауды бірлесіп жүзеге
асыратын Директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Тәуелсіз директор компанияның корпоративтік басқару жүйесінің негізгі қатысушыларының бірі болып табылады.


Заңнамалық деңгейде бекітілген міндетті өктемді (императивный) талаптан басқа Тәуелсіз директордың болуы корпоративтік
басқару деңгейінің маңызды белгісі және компанияның инвестициялық тартымдылығы болып саналады.
Тәуелсіз директорсыз, корпоративтік басқарудың айқындығы туралы айту мүмкін емес.


Қазақстан Ұлттық Директорлар Бірлестігінің басты миссиясы – корпоративтік басқару саласындағы тәуелсіз мамандар қауымдастығын қалыптастыру, мамандардың стратегиялық білімдері мен көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру және жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы Тәуелсіз директорлар институтының мүдделерін қорғау және ұсыну.

Бейсембинов Е. Н.
Атқарушы директоры Kazakhstan National Directors Association