Kazakhstan National Directors Association

2007 жылдан бастап біз Тәуелсіз директорлар институтын дамыту саласы, мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік және жеке ұйымдардың, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың Тәуелсіз директорларының мүдделерін қорғау және ұсыну саласы бойынша Қазақстандағы жалғыз салалық (профильді) коммерциялық емес ұйым болып табыламыз.

Біздің қызметтеріміз
Кеңес беру кеңсесі. Өзіңіздің сұрағыңызды қойыңыз

KNDA-ның мүшелері сонымен қатар өздерінің сұрақтарын қойып, жылдам түрде заңгерлік кеңес ала алады. Ол үшін беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Сұрақ қою» белгішесін басу керек, өзіңіздің мәліметтеріңізді енгізіңіз және біздің заңгерлеріміз Сізге жауап береді.

Тәуелсіз директорлардың мүдделерін қорғау және кеңес беру

Білікті заңгерлердің штаты, сондай-ақ жетекші заң фирмаларымен серіктестікке ие бола отырып, KNDA Сізге заңгерлік кеңес беріп, қажетті заң көмегін ұсына алады.

«Тәуелсіз директор» бағдарламасы бойынша оқыту және сертификаттау

Біз Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның және Тәуелсіз директорлардың шетелдік бірлестіктермен бірлесе отырып, Тәуелсіз директорлар мен үміткерлерге арналған Арнайы Сертификатталған Бағдарлама Курсын әзірледік, әрі оған кез-келген адам қатыса алады және болашақта Тәуелсіз директорлар лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде маңызды артықшылықтарға ие бола алады.

Қосымша ақпарат алу үшін беттің төменгі жағын қараңыз.

Компаниялар үшін Тәуелсіз директорларға үміткерлерді іздеу және іріктеу.

Біз үнемі жоғары білікті Тәуелсіз директорлар мен үміткерлердің Деректер базасын қолдап және жаңартып отырамыз.

Сіздің компанияңыз KNDA-на қажетті деректерді (мамандану, тәжірибе, қала, өтемақы сомасы және т.б.) көрсете отырып, сұратуды жібере алады және біз Сізге оперативті түрде дереу қарауға және іріктеуге үміткерлердің тізімін ұсынамыз.

Сараптамалық тәжірибе алмасу алаңы

Жақын арада, KNDA мүшелері Тәуелсіз директорлар жолықтырған қиындықтар туралы әрдайым талқылайтын, сондай-ақ тиісті кеңестер мен ұсыныстарды ала алатын «Expert Ground» сараптама алаңы жұмыс істей бастайды.

Корпоративтік басқару деңгейін жақсартқысы келетін компанияларға арналған қызметтер

Егер Сіздің компанияңыз Корпоративтік басқару, айқындық және инвестициялық тартымдылық деңгейін жақсартқысы келсе, KNDA корпоративтік басқару саласында кеңес беру қызметтерін ұсына алады:
1) Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау;
2) корпоративтік басқару стандарттарын әзірлеу;
3) Директорлар кеңесінің қызметін бағалау;
4) Корпоративтік басқару деңгейін арттыру;
5) Корпоративтік басқару рейтингісін дайындау.

Сертификаттау бағдарламасы
Тәуелсіз директор

Біз Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның және Тәуелсіз директорлардың шетелдік бірлестіктермен бірлесе отырып, Тәуелсіз директорлар мен үміткерлерге арналған Арнайы Сертификатталған Бағдарлама Курсын әзірледік, әрі оған кез-келген адам қатыса алады және болашақта Тәуелсіз директорлар лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде маңызды артықшылықтарға ие бола алады.

1
Біліктілікті арттыру туралы Сертификат

Қазақстан Ұлттық Директорлар Бірлестігінің жетекші ЖОО және Тәуелсіз директорлардың шетелдік бірлестіктермен бірлесіп беріледі.

2
CCGD дәрежесі және CCGP дәрежесі

Оқу және емтихан тапсыру нәтижелері бойынша түлектерге CCGD немесе CCGP дәрежесі беріледі

3
Басқару органдарына артықшылықты тарту (рекрутинг)

Сертификатталған түлектер компания басшылығына ұсынылатын және сайланатын басқа тұлғалардан артықшылыққа ие.

4
Кәсіби білімді алу

Курс түлектері басқарушы органдардың негізгі құзыреттері, осалдықтары, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерінің дағдылары, қаржы есептілігін талдау, тәуекелдерді талдау, компания стратегиясын қалыптастыру, кең ауқымды іскерлік жағдайларды және тағы басқалар бойынша кең ауқымды білім алады.